Фидель Кастро өзінің өміршеңдігін дәлелдеді

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Ұзақ уақыт бойы көзден таса болып кеткен Кубаның экс-көшбасшысы Фидель Кастро елдің мемлекеттік теледидар эфирінде көрінді.

Фидель Кастро өзінің өміршеңдігін дәлелдеді


Көрсетілген кадрларда ол заңгер студенттермен сұхбаттасқан және өзін барынша бақуат, әрі тың сезінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Репортажда кездесу күні мен орны туралы хабарланбаған. Алайда осы айда 83-ке толған командантенің Венесуэла студенттерімен кездескені белгілі. Олар Кастроға сұрақтар қойды, ал кездесудің соңында оған жейде тапсырды және «Біз сүйеміз сені, Фидель» әнін шырқады.