Фидель Кастро: Ресейдің бастамасы АҚШ-тың Сирияға шабуылына тосқауыл қойды
АСТАНА, 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Фидель Кастро Ресейдің Сирияда туындаған дағдарысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.
«Ресейдің бастамасы аймақты апатты жағдайға соқтыруға жол ашатын қантөгістің алдын алды, деп жазды Кастро кубалық БАҚ-та жарияланған мақаласында.
Оның жазуынша, бұл бастама Сирияны тас-талқан етуді көздеп отырған АҚШ-тың шабуылына тосқауыл қойды.