Фидель Кастроның денсаулығы жақсарып келеді

АСТАНА.  Тамыздың  24-і.  ҚазАқпарат -   Куба басылымдарының беттерінде     Фидель  Кастроның    денсаулығының     жақсарып  келе жатқанын   көрсеткен фотосурет  жарияланды.  

Фидель  Кастроның  денсаулығы  жақсарып  келеді


 Сурет   Фидель  Кастроның    Эквадор   Президенті Рафаэль   Корреамен   кездесуі  кезінде түсірілген,  деп   хабарлайды   ВВС  телекомпаниясының  Орыс   қызметі.

Бұған дейін пайда болған  суреттерде    спорттық  киіммен  түскен   Кастро,  Эквадор  президентімен болған  кездесуде   сәндірек киінген.

83  жастағы Куба    революциясының    көсемі    2006 жылы    операция жасалғаннан  бері   көпшіліктің   алдына шықпай кеткен болатын. Сол уақыттан    бері     оның денсаулығы   туралы  ақпарат  мемлекеттік  құпия  болып келген еді.