FIDH мигранттар мен босқындардың құқықтарын қорғауға шақырады

 АЛМАТЫ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / -  Халықаралық адам құқықтары федерациясы (FIDH) мен Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы жұмыс мигранттары мен босқындардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге шақырады.
None
None

        Бұл жайында олар бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

             Халықаралық адам құқықтары федерациясының мигранттар жөніндегі бөлімінің басшысы Кэтрин Буттың айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстандағы мигранттар мен босқындардың және паналаушылардың құқықтары жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілген. «Қазақстандағы сырттан келетін жұмыс күшінің мүмкiндiктерi квоталық жүйемен шектелген, мигранттар жасырын жағдайда өмiр сүрiп, жұмыс iстеуге  ерiксiз көнуде. Еңбектiк миграцияның квота беру  туралы заңның соңғы жобасы іске аспаған. Осыған байланысты жұмыс беру рұқсаты бұрынғыдай жұмыс берушіге беріледі, яғни мигранттардың  тәуелдiлiк ахуалына алып кеп отыр, олар не кете алмайды, не жұмысын ауыстыра алмайды», дейді К. Бут.

         FIDH  жүргізген зерттеулер қортындысы бойынша Қазақстан мигранттарының көп жағдайларда жұмыс құқықтарының  бұзушылығы орын алған. Оның ішінде ауылшаруашылығы мен құрылыс саласында істейтіндердікі. Олардың жұмыс күндері ұзартылып, демалыс күн мүлде берілмеген. Сондай-ақ төлқұжатты тәркілеу, еңбекақының берілмеуі және мигранттарды жұмыс берушіге сату жағдайлары да кездескен.

Соңғы жаңалықтар