08:15, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
Фиджидегі дауыл құрбандарының саны 29 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 ақпанда Фиджи Республикасында (Тынық мұхитының оңтүстігіндегі архипелаг) болған дауыл салдарынан 29 адам қаза тапты, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Жаңартылған бұл мәліметті жергілікті билік хабарлады. Сонымен қатар, уақытша орналастыру орталықтарында баспанасын қалған сегіз мыңнан астам адам бар екені айтылды.
Фиджи билігі қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу бірнеше айға созылуы мүмкін деп болжап отыр. Кей аралдарда құйын бүтін ауылдарды жойып жіберді.
20 ақпанда «Уинстон» циклонымен Фиджиде жылдамдығы сағатына 320 шақырымға дейін жететін қатты жел тұрып, нөсерлетті. Биіктігі 12 метрді құрайтын толқындарды әкелді.
Бастапқыда 17 адам қаза тапты деп хабарланды.