Фиджиді орасан дауыл әбігерге салды

21 ақпан күнгі таңертеңгі сағаттарда келіп түсе бастаған ақпараттарға қарағанда, құрбандар саны арта түсуі мүмкін, деп хабарлады ТАСС.
«Апаттар ауқымы орасан, алайда қанша адам зардап шегіп, қанша үй қирағаны туралы әзірге айту ертерек», - деп хабарлады жаңазеландиялық радиоға Фиджи астанасы - Суведе болған Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қызметкері.
Циклонның ошағы ең ірі фиджилік Вити-Леву аралынан солтүстікке таман өтті, бұл аралда ел халқының 70 пайызға жуығы тұратын және астана мен халықаралық Нади әуежайы орналасқан.
Циклонға ең жоғары санаттағы қуаттылық берілді - метеорологтардың мәліметтерінше, дауыл ошағы маңында желдің жылдамдығы сағатына 230 шақырымға, ал ұйтқуы - сағатына 325 шақырымға, арал жағалауларындағы мұхит толқынының биіктігі 12 метрге жетті.
Өкімет орындары халықты қауіп жөнінде алдын ала ескертті және 750-ден астам көшіру орталықтары мен баспаналар ашты. Әсіресе, шалғай аралдар мен еңісте орналасқан аудандардың ауылдарындағы жағдай алаңдаушылық туғызуда.
Сенбі күні Фиджи үкіметі апатты жағдайға байланысты коменданттық сағат енгізген болатын,. Таңертең оның күші күндізгі уақыттарға да ұзартылды.
Қазіргі кезде «Уинстон» дауылы Фиджи архипелагының батыс беттегі негізгі аралдарынан сағатына 22 шақырымға жуық жылдамдықпен жылыстап барады. Оның жолында фиджилік Ясава аралдары қалып отыр.