Фиджиге жақын жерде зілзала болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фиджи астанасы - Сува қаласынан 436 км жерде Тынық мұхитта магнитудасы 5,8 жер сілкінісі болды.
Ресей Ғылым академиясының Сібірдегі геофизикалық қызметінің хабарлауынша, зілзала ошағындағы жер сілкінісі «күйретуші» деп белгіленді.