ФИФА 2018 жылғы әлем чемпионатының Ресейде өтетінін растады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) 2018 жылы және 2022 жылы футболдан әлем чемпионаттарының жоспарланғандай Ресей және Катар елдерінде өтетінін растады.
None
None

Ұйым Ресей мен Катар ФИФА шенеуніктерінің жемқорлығы туралы істерін тергеу қорытындыларына қарамастан, чемпионаттарды өткізу құқығын сақтап қалатынын атап өтті, деп хабарлайды ВВС .

Бұған дейін баспасөз беттерінде бірнеше рет Ресей мен Катардың әлем чемпионаттарын өздерінде өткізу құқығын футбол шенеуніктеріне пара беру жолымен алғаны туралы болжамдар шыққан. Бірақ бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

Осы аптада Швейцарияда пара алуда айыпталып отырған ФИФА-ның бірнеше жоғары өкілетті қызметкері ұсталды.

Ресейдің бұл іске қатысы жоқ, алайда сарапшылар жағдайдың өзгере алуы мүмкін екенін айтты.

Жұма күні ФИФА-ның қазіргі басшысы, өз қызметін 17 жыл атқарып келе жатқан Йозеф Блаттер ұйым президентін кезекті сайлауында жеңіске жетті. Әлем чемпионатын Ресейде өткізудің жақтасы ретінде танымал шенеунік ФИФА-ны 2019 жылға дейін басқарады.

Соңғы жаңалықтар