ФИФА 2026 жылы футболға әлем халқының 60%-ын тартуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылы футболға Дүние жүзі халқының 60 прценті тартылады деп санайды.
None
None

Бұл туралы РФ Қазан қаласында өтіп жатқан дене тәрбиесі және спортқа жауапты министрлер мен жоғары лауазымды тұлғалар халықаралық конференциясы барысында ФИФА бас хатшысы Фатма Самура мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.

Конференция   бейсенбіде ашылды, шара ЮНЕСКО аясында үш күн  өтеді. «Біз футболды алға жылжытып, дамытып, моральдық қағидаттарын қорғауымыз қажет. 2026 жылы біз футболға Дүние жүзі халқының 60 пайызын жұмылдыруды жоспарлаудамыз. Осы уақыттың ішінде футболды дамытуға 4 миллиард доллар инвестиция саламыз. Шығындарымыздың әрбір центі бақылауда болады», - деді Самура.

ФИФА  ұлттық футбол қауымдастықтарымен, халықаралық ұйымдар және ведомстволармен ынтымақтастықты қамтамасыз етуі тиіс, деп атап өтті бас хатшы. «Біздің мақсатымыз ортақ, ынтымақтастық беретін мүмкіндіктен бас тартқан жауапсыздық болар еді».  

Соңғы жаңалықтар