ФИФА әлем чемпионаттарының тәртібін өзгертті

АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - Британдық БАҚ хабарлап жатқандай, ФИФА әлем чемпионатының тәртібіне өзгерістер енгізді, олар биылғы мундиалда-ақ күшіне енбек, деп хабарлайды РБК.
None
None

Футболшылар осыған дейінгі кезеңдерде жинаған сары карточкалар ¼ финалдан кейін күшін жояды. Осыған сәйкес, плей-оффта екі рет ескерту алған ойыншылар қайткенде де финалға жіберілмейді.

«ФИФА-ның осы шешімі шешуші ойында барлық мықты спортшыларға өз талантын сынап көруге жағдай жасайды. 2002 жылы Михаэль Баллак финалдан қалып қойды, ал Германияның Футбол федерациясы қатысу құқығынан айырудың күшін жоюға тырысты. Сол жолы ФИФА ойыншыға берілген ескертуді өз күшінде қалдырғанымен, бұл мәселені болашақта қарастыру қажет деп шешкен болатын», - деді ФИФА баспасөз хатшысы Мариус Шнайдер.

Естеріңізге сала кетейік, бұрындары сары карточкалар тек 1/8 финалдан кейін ғана күшін жоятын.

Соңғы жаңалықтар