FIFA әлемдегі ең үздік футболшыларды марапаттау рәсімі өтетін күнді жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 17 қаңтарда онлайн режимінде жылдың үздік ойыншыларын марапаттау рәсімін өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат FIFA-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

FIFA әлемдегі ең үздік футболшыларды марапаттау рәсімі өтетін күнді жариялады

Марапаттар жылдың ерлер мен әйелдер арасындағы үздік футболшы, ерлер және әйелдер құрамаларының үздік жаттықтырушылары, ерлер мен әйелдер арасындағы үздік қақпашылар, 2021 жылдың үздік гол авторына беріледі. Сондай-ақ, ерлер мен әйелдердің символдық командалары, адал ойын үшін және үздік жанкүйерлердің үздік акциясының жүлде иегерлері белгілі болады.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталады, оған барлық ұлттық құрамалардың капитандары мен бас бапкерлері, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері қатысады.

Кандидаттарға дауыс беру 22 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді.

Айта кетсек, 2020 жылдың үздік ойыншысы болып неміс «Бавариясынан» поляк Роберт Левандовски, үздік бапкер - ағылшындық «Ливерпуль» командасынан неміс Юрген Клопп аталған болатын. Ал, ең әдемі гол үшін Ференц Пушкаш сыйлығын ағылшындық «Тоттенхэмден» оңтүстіккореялық Сон Хен еншіледі.