ФИФА «Атырау» футбол клубына 6 ұпайын қайтарып берді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - ФИФА тәртіп комитеті «Атырау» футбол клубына 6 ұпайын қайтарып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ФИФА «Атырау» футбол клубына 6 ұпайын қайтарып берді

«Біздің клуб маусымның басында 6 ұпайынан айырылып қалған. Мұны ФИФА «Атырау» ФК-ның бұрынғы бапкері черногориялық Зоран Филипповичтің жалақысы бойынша қарызына байланысты деп түсіндірді. Сол себепті жаңа маусымды минус алты ұпаймен бастадық. Алайда, еуропалық лицензиясы бар заңгер жалдап, клубтың еш қарызы жоқ екеніне ФИФА тәртіп комитетінің көзін жеткіздік. Бізден әділетсіз алынған ұпайымыз қайтарылды, Бұл жаңалықтың футболшыларымызды сенімді ойнауға ынталандырарына үміттенеміз», - деп хабарлады «Атырау» ФК директоры Тимур Нигимов.