ФИФА Бразилиядағы 2014 жылғы әлем чемпионаты билеттерінің бағасын жариялады
АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - ФИФА-ның мәліметтеріне қарағанда, Бразилияда футболдан өтетін әлем чемпионаты билеттерінің төменгі бағасы бойынша топтық кезеңдегі матчтар үшін - 90 доллар.
2014 жылы 13 шілдедегі ақтық матчтың ең арзан билеті сыртан келген көрермендер үшін 440 доллар болса, ең қымбаты - 990 доллар.
Ал Маракана стадионында әлем чемпионатының маңызды матчтары өтеді.