ФИФА Бразилиядағы әлем чемпионатынан 4,5 млрд. доллар пайда түседі деп күтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы қауымдастығының (ФИФА) бас хатшысы Жером Вальке ұйымның Бразилиядағы әлем чемпионатын өткізуден түсетін пайда 4,5 млрд. долларды құрайды деп хабарлады. Бұл туралы ол турнирдің ашылу ойыны өтетін Сан-Паулудағы баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады РБК.
None
None

«Чемпионатттан түсетін пайда шамамен 4,5 млрд. долларды құрайды деп күтудеміз», - деді Вальке. Айта кетейік, турнирді ұйымдастыруға ФИФА 2 млрд. доллардан астам қаржы жұмсаған екен. Осыған дейін ФИФА президенті Йозеф Блаттер Бразилия шараны өткізуге дайын екенін айтқан еді. Валькенің пікірі де осындай, деп жазды Globo агенттігі. «12 маусымдағы турнирдің басталуына бәрі дайын. Құрамалардың дайындалуы үшін барлық жағдай жасалды. Жарыстың алғашқы апталарында қиынырақ, бірақ біз еш мәселе туындамайтынына сенімдіміз. Барлығы біздің қатаң бақылауымызда», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, Бразилияда 12 маусым мен 13 шілде аралығында футболдан жиырмасыншы әлем чемпионаты өтеді. Бұл елде турнир 2-ші рет ұйымдастырылмақ. Бразилия алғаш рет әлем біріншілігін 1950 жылы қабылдаған болатын. 2014 жылғы әлем чемпионатының ашылу ойыны 12 маусымда Сан-Паулуда өтеді: мұнда Бразилия құрамасы Хорватия құрамасымен ойнайды. Ал турнир финалы 13 шілдеде Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында болмақ. Чемпионатқа 32 команда қатысады. Қазіргі уақытта чемпионаттың шамамен 3 млн.-ға жуық билеті сатылды.

Соңғы жаңалықтар