ФИФА-дағы жемқорлық туралы фильм сынға ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Германияның ARD арнасында шыққан жемқорлық туралы фильмге қатысты сын айтты, деп жазады «ВВС» агенттігі.
Немістің ARD арнасында «Сатылған футбол» фильмі 4 мамырда эфирге шықты. Ол 2018 және 2022 жылдары футболдан әлем чемпионатын өткізу бойынша конкурста Ресей мен Катардың жеңіске жетуіне байланысты туған жемқорлыққа қатысты дауға арналды.
ФИФА хабарламасында «Сатылған футбол» («Der verkaufte Fussball») фильмінің авторы мәтіндегі фактілерді бұрмалап, кейбіреулерін мүлдем алып тастағанын айтты. Соның ішінде, Ресей еңбек заңнамасына қатысты қате тұстары бар.
Сонымен қатар, ұйым ФИФА ұстанымын елемегенін айтты. Ұйым өкілдері журналистердің барлық сауалдарына жауап берді, алайда бұл жауаптар фильмде көрсетілмеді.
Осыған дейін баспасөзде дауыс беруге қатысқан атқарушы комитеттің бірнеше мүшесі пара алды деген болжамдар айтылған. Алайда, ФИФА-ның ішкі тергеу жүргізуі нәтижесінде бұл ақпарат расталмаған.