ФИФА Халықаралық матчтарға қазылық ететін төрешілер тізімін бекітті

АЛМАТЫ. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жаңа жыл қарсаңында  ФИФА 2012 жылғы халықаралық турнирлерге қазылық ететін төрешілердің тізімін бекітті.

ФИФА Халықаралық матчтарға қазылық ететін төрешілер тізімін бекітті

ҚР Футбол федерациясының хабарлауынша, оған Қазақстаннан 22 рефери, еніп отыр. Оның 11-і бас төреші, 11-і ассисент.  Бас  қазылар арасында үлкен футболдан  - Артем Кучин, Александр  Гаузер,  Анатолий Вишниченко,  Павел Салий,  шағын футболдан - Олжас Абраев,  Алмас Аббасов, жағажай футболынан -  Владимир Шаяхметов, Олег Бурмистров,  Архат Жұмашев, әйелдер футболынан - Юлия Медведева мен  Ирина Гаврилова бар. Ал қазылардың көмекшілерінен - Евгений Бельский,  Андрей Попов,  Рустам Суюнов,  Анатолий Ходин,  Ғалымжан Кенжалинов, Серік   Жаппасбаев,  Сергей Васютин және   Елена   Авдеенко,  Лилия Каримова,  Татьяна Попова,  Кристина Янушкевич еніп отыр.