ФИФА қараша айындағы ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін түзді.

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - ФИФА қараша айындағы ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін түзді. Қазақстан бұл жолы үш саты жоғарылап, 132-ші орынға тұрақтады.

ФИФА қараша айындағы ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін түзді.

Ал көш басында ешқандай өзгеріс жоқ. Әлем және Еуропа чемпионы Испания өз орнын ешкімге берер емес. Одан кейінгі - сатыда Германия, Аргентина, Колумбия құрамалары, деп хабарлады alasharena.kz.