09:01, 15 Қаңтар 2019 | GMT +5
ФИФА Катардағы әлем чемпионатына қатысушылар санын көбейтуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) осы аптада Марракеште 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысушылар санын көбейту идеясын талқылайды. Бұл туралы Maghreb Arabe Press-ке дүйсенбі күні ФИФА президенті Джанни Инфантино мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдағы кездесу ұлттық қауымдастықтардың ұсыныстарын - келесі турнирден бастап футболдан әлем чемпионатына қатысатын ФИФА мүшелерінің санын 48 құрамаға жеткізу ұсынысын зерттеуге арналады», - деп атап өтті ол.
Бұдан бұрын 2026 жылы футболдан әлем чемпионатына 48 команданың қатысатыны туралы шешім қабылданған еді. Ал қазір 2022 жылғы доп додасында бақ сынайтындардың санын 32-ден 48-ге арттыру мәселесі талқыланып жатыр.