ФИФА Нигерия футбол федерациясының жұмысын тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұйымның істеріне мемлекеттің араласуына байланысты Нигерия футбол федерациясының (NFF) қызметін тоқтата тұру туралы шешім шығарды. Бұл туралы ФИФА-ның таратқан мәліметтерінде хабарланды.
Абуджадағы үкімет сот шешімімен Нигерия футбол федерациясының басшылығын жұмыстан босатқан, сондай-ақ өткен аптада ӘЧ-2014-тен оралғаннан NFF президентін қамауға алған екен.
Жұмыстан шығарылғандарды олар футболшылардың жалақысына байланысты даулы мәселені шешпеді деп айыптауда.
ФИФА нигериялық шенеуніктерге ескерту жасап, дисквалификацияны алға тарта отырып, Нигерия футбол федерациясының президенті Амину Маигари мен атқарушы комитет мешелерін қызметіне қайтару туралы талапты қойды.