ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Уругвайда қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Америка Футбол конфедерациясының экс-басшысы және ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Эухенио Фигередо Уругвайда қамауға алынды. Бұл жерге ол Швейцариядан экстрадицияланған. Оған «алаяқтық жасады» деген айып тағылып отыр, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Уругвайда қамауға алынды

Сонымен қатар, ол бірнеше миллион доллар пара алды деп айыпталған. Оның кінәсы дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Би-би-си хабарлағандай, Уругвай астанасы Монтевидеоға барғаннан кейін 84 жастағы бұрынғы шенеунік ұсталды. Оның өзін үй қамақта ұстау туралы өтініші қанағаттандырылмады.

Фигередо - 27 мамырда швейцариялық Цюрихте жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған ФИФА-ның жеті жоғары лауазымды шенеунігінің бірі.