ФИФА-ның қаңтар айындағы рейтингінде Қазақстан құрамасы 133-ші орынға көтерілді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ФИФА-ның қаңтар айының қорытындысы бойынша жасаған рейтингінде Қазақстан құрамасы 3 сатыға жоғарылап, 133-ші орынға көтерілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.Бұл жолы үздік ондыққа Испания, Германия, Нидерланды, Италия, Бразилия, Аргентина, Хорватия, Англия, Ресей және Түркия еніп отыр. Ал 2010-шы жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде «Ғ» тобында бірге сынға түсіп жатқан қарсыластарымыздан тек Андорра құрамасы ғана Қазақстаннан көш кейін қалып 195-ші орынға жайғасқан. Ал Хорватия 7-ші, Англия, 8-ші, Украина 16-шы, Беларус 81-ші сатыда тұр. ФИФА-ның қаңтар айына жасаған рейтингі енді ақпанның 11-інде жарияланады.
Соңғы жаңалықтар