ФИФА-ның жаңа президентін сайлайтын уақыт белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы президентінің кезектен тыс сайлауы 2016 жылдың 26 ақпанында өтетін болды.Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Дүйсенбі күні Цюрихте ФИФА атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. Онда ФИФА президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін мерзім анықталды. Сайлауға дейін 1998 жылдан ұйымды басқарып келе жатқан Йозеф Блаттер ФИФА басшысы міндетін атқарады, деп хабарлады ТАСС.

Ұйым регламенті бойынша, ФИФА президенті сайлауына қатысуға үмітті кандидаттар өтініштерін 26 қазанға дейін тапсыруы тиіс.

Сенбі күні «Ас» испаниялық басылымы Еуропалық футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) басшысы Мишель Платини бұл лауазымға өз кандидатурасын ұсынатынын хабарланған. Осыған дейін бұл лауазымға бұрынғы француз футболшысы Давид Жинола, ЦСКА-ның бұрынғы бас бапкері бразилиялық Зико, Аргентина құрамасының шабуылшысы болған Диего Марадона, Иордания ханзадасы Али бин Аль-Хусейн, Либерия футбол қауымдастығының президенті Мұса Билити, бұрынғы ФИФА вице-президенті, оңтүстіккореялық Чон Монджун ниет білдірген.

Соңғы жаңалықтар