ФИФА президенті Блаттер бес жылдық мерзімге қайта сайланды

Ұйымның Цюрихтегі конгресінде 79 жастағы Блаттер бірінші турда 133 дауыс, ал оның қарсыласы - 73 дауыс жинады. Екінші турда оған қарапайым көпшілік дауыс жинаса жеткілікті болды.
Тарихта алғаш рет ФИФА басшысын сайлау ірі сыбайлас жемқорлық жанжалы толқынында өтуде. Сәрсенбі күні Цюрихте ФИФА-ның жоғары лаузымды шенеуніктері сыбайлас жемқорлыққа айыпталып, тұтқындалды, олардың арасында ФИФА атқару комитетінің вице-президенттері Джеффри Уэбб мен Эухенио Фигередо, сондай-ақ Эдуардо Ли, Хулио Рока, Костас Таккас, Рафаэль Эскивель, Хосе Мария Марин бар.
Тағы бірқатар шенеуніктерге айыптау жарияланды, ол Солтүстік және Орталық Америка және Кариб алабы елдері футбол конферерациясының экс-президенті, бұрын ФИФА вице-президенті болған Джек Уорнер пен Николя Леос.
Әңгіме ФИФА-дағы соңғы екі онжылдық бойына жалғасқан әлем чемпионаттары, маркетингілік және тарату өтінімдері төңірегіндегі кең ауқымды сыбайлас жемқорлық жөнінде болып отыр. Айыптау арасында алаяқтық, рэкет және ақшаны жылыстату қылмыстары да бар. Шенеуніктер Цюрихтегі қонақүйде ұйым президентін кезекті сайлауды күтіп отырған болатын. Швейцарияның Федералдық әділет департаменті мен полициясы сондай-ақ 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер - Ресей мен Катарды таңдауға байланысты қылмыстық істі ашты, онда ФИФА-ның этика жөніндегі комитеті тергеу палатасының бұрынғы басшысы Майкл Гарсияның есебі мәліметтері белгілі болды. 2010 жылы Ресей мен Катар тиісінше 2018 және 2022 жылдардағы футболдан әлем чемпионаттарын өткізу құқығына ие болған еді, деп жазады РИА Новости.