ФИФА президенті Й. Блаттер Қазақстанға ат басын бұрмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА президенті Йозеф Блаттер Қырғыз Республикасына, Тәжікстанға және Қазақстанға төрт күндік ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Р-Спорт.
24 наурызда Бішкекте басталған сапар барысында Й. Блаттер бірқатар спорт және мемлекеттік билік өкілдерімен кездесулер өткізіп, бірнеше футбол алаңдарының ашылуына қатысады.
Йозеф Блаттер 27 наурызда Астанада өтетін УЕФА-ның XXXVIII кезекті конгресінде сөз сөйлейді деп күтілуде.