ФИФА Президентінің жемқорлық іске қатысы жоқ

Бұл туралы сәрсенбі күні ұйымның штаб-пәтерінде өткен баспасөз конференциясының барысында Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) Коммуникациялар және жұртшылықпен байланыс бойынша департаментінің директоры Вальтер Де Грегорио хабарлады. «ФИФА бұл процесті қолдап, Швейцарияның бас прокурорымен толық көлемде қызметтесіп отыр. ФИФА ақпаратты ұсыну бойынша барлық сұрақтарға жауап беріп отыр», - деді Де Грегорио. Оның айтуынша, ФИФА өткен жылдың соңында 2018 және 2020 жылдары футбол бойынша әлем чемпионаттарын өткізу құқығы берілетін елдерді белгілеу туралы мәселені анықтау мақсатымен тергеуді өзі бастаған. Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) Коммуникациялар және жұртшылықпен байланыс бойынша департаменті директорының хабарлауынша, осы жағдайда Халықаралық футбол федерациясы зардап шеккен тарап болып келеді және тергеудің өткізілуін толық қолдайды. Вальтер Де Грегорио аталған іске ФИФА президенті Йозеф Блаттер мен ұйымның бас хатшысы Жер Валькенің қатыстылығы туралы орын алған өсек-аяңды жоққа шығарды. «Мен осы жағдайға байланысты Twitter-гі хабарламаларды, баспасөз парақшалары мен түсініктемелерді көрдім. Айтуға рұқсат етіңіздер - бас хатшы мен президенттің бұл процедураға еш қатысы жоқ», - деді Де Грегорио.