ФИФА рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы 133-інші орында тұр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасымен «Ғ» тобында сынға түсіп жатқан Англия 7-ші, Хорватия 10-шы, Украина 19-шы, Беларус - 74-ші, Андорра 196-шы орында.
Рейтинг бойынша үздік ондықта мына командалар бар: 1. Бразилия, 2. Испания, 3. Голландия, 4. Италия, 5. Германия, 6. Ресей, 7. Англия, 8. Аргентина, 9. Франция, 10. Хорватия. ФИФА-ның келесі рейтингі тамыздың 5-інде жарияланады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында жеті кездесу өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетіп, қалғандарында жеңіліп қалды. Осылайша, жеті ойыннан кейін небәрі 3 ұпай жинаған олар өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді. Іріктеу турнирі аясындағы келесі ойынын біздің команда алдағы қыркүйектің 9-ында сырт алаңда Андоррамен өткізеді.