12:38, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 140-шы орында
АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жариялаған рейтингі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы 140-шы орында тұр.
Бұл осыдан бір ай бұрынғы көрсеткіштен 7 сатыға төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Рейтинг бойынша үздік ондыққа мына командалар еніп отыр: 1. Испания, 2. Германия, 3. Голландия, 4. Италия, 5. Бразилия, 6, Аргентина, 7. Хорватия, 8. Англия, 9. Ресей, 10. Түркия.2010-ыншы жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстанмен «Ғ» тобында сынға түсіп жатқан Хорватия мен Англия үздік ондықтың қатарына енді. Ал қалған қарсыластарымыз, атап айтқанда Украина - 14-ші, Беларус - 90-шы, Андорра 195-ші орындарға тұрақтаған. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің іріктеу турнирі аясындағы кезекті матчын сәуірдің 1-де Алматыдағы орталық стадионда Беларус футболшыларымен өткізеді.