ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 6 сатыға төмендеді

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың тамыз айындағы рейтингін жариялады.
None
None

Ол бойынша Қазақстан құрамасы шілдедегі көрсеткішінен 6 сатыға төмендеп, 136-ыншы орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтинг бойынша үздік ондықта мына командалар бар: 1. Бразилия, 2. Испания, 3. Голландия, 4. Италия, 5. Германия, 6. Ресей, 7. Англия, 8. Аргентина, 9. Хорватия, 10. Франция.

2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасымен «Ғ» тобында сынға түсіп жатқан Англия 7-інші, Хорватия 9-ыншы, Украина 25-інші, Беларус - 77-інші, Андорра 196-шы орында. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында жеті кездесу өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетіп, қалғандарында жеңіліп қалды. Осылайша, жеті ойыннан кейін небәрі 3 ұпай жинаған олар өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді. Іріктеу турнирі аясындағы келесі ойынын біздің команда алдағы қыркүйектің 9-ында сырт алаңда Андоррамен өткізеді.  

Соңғы жаңалықтар