ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 6 сатыға төмендеп, 136-шы орында тұр

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың кезекті рейтингін жариялады.

ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 6 сатыға төмендеп, 136-шы орында тұр
Оған сәйкес, Қазақстан құрамасы бұдан бір ай бұрынғы көрсеткішінен 6 сатыға төмендеп, 136-шы орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Рейтинг бойынша үздік ондыққа мына командалар еніп отыр: 1. Испания, 2. Германия, 3. Голландия, 4. Бразилия, 5. Италия, 6. Аргентина, 7. Англия, 8. Хорватия, 9. Ресей, 10. Франция.2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасымен «Ғ» тобында сынға түсіп жатқан Англия (7-ші орын) мен Хорватия (8-ші орын) мықты ондықтың ішінде. Ал қалған қарсыластарымыз, атап айтқанда Украина ? 22-ші, Беларус - 88-ші, Андорра 195-ші орындарға тұрақтаған. ФИФА-ның келесі рейтингі мамырдың 6-да жарияланады. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясындағы кезекті матчын маусымның 6-да Алматыдағы орталық стадионда Англия футболшыларымен өткізеді. Бұған дейін жерлестеріміз бес кездесу өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетті, ал қалғандарында жеңіліп қалды. Осылайша, бес ойыннан кейін 3 ұпай жинаған олар өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді.