ФИФА рейтингі: Қазақстанның әйелдер құрамасы екі сатыға жоғарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасы желтоқсан айында екі саты жоғарылап, 64-орынға жайғасты. Ал ФИФА рейтингісінде барлығы - 177 құрама.
Біздің қыз-келіншектеріміз бұл рейтингті 2003 жылы 60-орынмен бастаған. Ең жоғары жетістігіміз - 58-орын (2009 жыл, наурыз). Ал ең төменгі көрсеткішіміз - 78-орын (2010 жыл, тамыз).
2016 жылы әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы «Еуро-2017» електік додасы аясында төрт ойын өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп (Израиль қыздарынан 1:0 есебімен басым түсіп), қалған үшеуінде ұтылып қалған (Австрия - 1:6, Уэльс - 0:4, Норвегия - 0:10).
ФИФА-ның әйелдер арасындағы ұлттық құрамалар рейтингісі:
1. АҚШ - 2140
2. Германия - 2109
3. Франция - 2041
4. Канада - 2031
5. Англия - 2030
6. Австралия - 1984
7. Жапония - 1982 ...
10. Корея ХДР - 1952 ...
13. Қытай - 1892 ...
18. Корея - 1847 ...
23. Ресей - 1750 ...
26. Украина - 1732 ...
49. Беларусь - 1463 ...
42. Өзбекстан - 1540 ...
64. Қазақстан - 1355.
Ақпарат көзі: sportsffa.kz