FIFA рейтингінде Қазақстан құрамасы 4 сатыға жоғарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін FIFA әлем ұлттық құрамаларының жаңа рейтингін жария етті. Аталған рейтингте футболдан Қазақстанның құрама командасы 127-ші орынға тұрақтады, деп хабарлады sports.kz.
Әлемдік рейтингті бұл жолы да Германия құрамасы бастап тұр. Ал екінші орынға Аргентина құрамасы табан тіресе, үздік үштікті Колумбия құрамасы тұйықтайды.
ФИФА рейтингі (2014 жылғы 18 қыркүйек):
1 (1). Германия - 1765 ұпай 2 (2). Аргентина - 1631 3 (4). Колумбия - 1488 4 (3). Нидерланды - 1456 5 (5). Бельгия - 1444 6 (7). Бразилия - 1291 7 (6). Уругвай - 1243 8 (7). Испания - 1228 9 (10). Франция - 1202 10 (9). Швейцария - 1175 23 (23). Ресей - 875 24 (22). Украина - 855 52 (36). Армения - 556 58 (51). Өзбекстан - 530 81 (92). Эстония - 403 89 (88). Беларусь - 363 95 (73). Әзербайжан - 344 99 (100). Латвия - 333 103 (103). Литва - 309 105 (99). Молдова - 302 110(95). Грузия - 290 127 (131). Қазақстан - 239 136 (124). Тәжікстан - 213 141 (137). Түркіменстан - 197 151 (144). Қырғызстан - 158.