ФИФА рейтінгісі: Қазақстан құрамасы 3 сатыға жоғарылап, 129-орында тұр

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың кезекті рейтингін жариялады. Ол бойынша Қазақстан құрамасы 3 сатыға жоғарылап, 129-орынға көтерілген.

ФИФА рейтінгісі: Қазақстан құрамасы 3 сатыға жоғарылап, 129-орында тұр

Бұдан бірнеше айлар бұрынғы тізімде Қазақстан құрамасы 132-орында болатын.

Ал рейтингтің алғашқы ондығында Испания, Голландия, Германия, Уругвай, Бразилия, Италия, Англия, Грекия, Португалия және бірдей ұпай жинаған Аргентина мен Дания құрамалары орналасқан.

Айта кетейік, ФИФА-ның бұл рейтингі жарияланғанға дейін Қазақстан құрамасы «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирінде бірнеше матчтар өткізіп, өз тобында 4 ұпай жинаған болатын.