ФИФА сарапшылары 2018 және 2022 жылдары ӘЧ өткізетін елдердің мойындалуын құптады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерциясының (ФИФА) сарапшылары 2018 және 2022 жылдары әлем чемпионаттары өтетін елдердің таңдалу нәтижелерінің мойындалуын құптады. Бұл чемпионаттар Ресей мен Катарда өтеді, деп жазады Утро.
«Қазіргі уақытта қолда бар фактілерді ескере отырып, ФИФА-ның атқарушы комитетінің ӘЧ-2018 және ӘЧ-2022 өткізетін елдерді таңдау шешімінің орынды екендігін тексеру үшін ол шешімді кері қайтаруға ешқандай негіз жоқ», - делінген ФИФА сайтында жарияланған арнайы сараптама нәтижелерінде.