ФИФА серіктестері ӘЧ-2022 иесінің таңдалуын тергеуді талап етуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА әріптестері Coca-Cola мен Budweiser компаниялары 2022 жылы әлем чемпионаты өтетін елді сайлау өкілеттігі мәселесі бойынша алаңдаушылық білдіруде.
Екі демеуші де ФИФА мүшелері дауыс бергенде Катардың жеңген және төртжылдық ірі турнирді өткізуге құқық алған мән-жайларды тыңғылықты тергеуге шақырады, деп хабарлады британдық баспасөз.
Айта кетейік, бұдан бұрын халықаралық федерацияның тағы бір әріптесі - Sony компаниясы осындай талабын білдірген болатын, деп жазады РБК.