ФИФА сыбайлас жемқорлықтың ауқымын 10 млрд. долларға бағалады

АҚШ бас прокуроры Лоретта Линчтің айтуынша айыптау 47 тармақтан тұрады, оның ішінде рэкет, алаяқтық және ақшаны жылыстату бар.
Айыптау, атап айтқанда 2010 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қожайын-ел үшін дауыс беруге қатысты, ол ақыры ОАР-да өткен болатын. Күдіктілер ретінде іс бойынша ФИФА шенеуніктерінің екі ұрпағы өтуде, бас прокурордың айтуынша, олар АҚШ-тың қаржылық жүйесіне залал келтірді және американдық заңдарды бұзды.
Бұдан бұрын, Швейцария федералдық полициясы Цюрихте ФИФА-ның алты шенеунігін тұтқынға алғаны белгілі болды, АҚШ оларды экстрадациялауды талап етуде. Американдық тергеу органдары қозғаған іс бойынша барлығы 14 адам өтуде.
Сонымен бірге, тағы да кемінде он спорт шенеунігі, соның ішінде ресейлік спорт министрі Виталий Мутко жауап алуға шақырылатыны хабарланған болатын. Мутконың өзі әзірге шақыру алмағанын, бірақ та тергеушілердің кез келген сұрағына жауап беруге әзір екенін мәлімдеді.
Жанжал ФИФА-ның жаңа президентін сайлауға бірнеше күн қалғанда бұрқ ете түсті. Дегенмен, көпшілігі отставкаға кетуге үндеген федерацияның қазіргі басшысы Зепп Блаттер жанжалға қарамастан сайлаудағы басты тұлғалардың бірі болып қалып отыр.