ФИФА тергеушілерге ұйым президентінің компьютерін берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) өкілдері швейцариялық тергеушілерге 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионатын өткізетін елді таңдауға қатысты ақпаратты берді, деп хабарлады Би-би-си.

ФИФА тергеушілерге ұйым президентінің компьютерін берді

Би-би-си деректеріне сүйенсек, тергеушілер Цюрихта ФИФА штаб-пәтеріндегі бірқатар компютерлердің қатты дискісін алды. Оның ішінде ұйым президенті Йозеф Блаттердің жұмыс компьютері де бар.

Қазіргі уақытта американдық және швейцариялық тергеушілер ФИФА-дағы сыбайлас жемқорлық туралы істі қатар тергеуде. 14 адам айыпталуда, оның тоғызы ұйымда жұмыс істеп жатқан қызметкерлер.

Блаттер айыптылар қатарында жоқ, алайда оған қатысты тексеру жүргізілуде. Бұдан басқа, тергеу органдары 2010 және тиісінше 2022 жылдары Ресей мен Катар әлем чемпионатын өткізу құқығын заңды ұтып алды ма, жоқ па, соны тексеруге ниетті.