«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді.

«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1712

2012 жылғы 28 желтоқсан. Астана. Үкімет Үйі

«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1391 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 74-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ

Қосымшаның мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланды.