Фильмге түскен каскадер әйел мотоциклде трюк жасаған кезінде мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада Deadpool 2 фильміне түсіп жатқан, каскадер әйел мотоциклде трюк жасаған кезінде мерт болды, деп хабарлайды ТАСС Ванкувер қаласы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полиция әйел каскадердің Deadpool фильмін түсіру процесі кезінде қаза тапқанын растайды. Полицейлер оқиға орнында жүр», - деп ақпараттандырды құқық қорғау органы өздерінің Twitter-інде.
Көргендердің айтуынша, каскадер 41 қабатты ( 149 метр) Shaw Tower мұнарасының бірінші қабатындағы витринаға соғылған.