09:40, 23 Сәуір 2013 | GMT +5
Филадельфия Олимпиада-2024 ойындарын өткізуге өтініш бермек
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Филадельфия басшылығы 2024 жылы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш беру мүмкіндігін қарастыруға кірісті.
Бұл туралы қала мэрі Майкл Наттер мәлімдеп отыр.
Бұған дейін АҚШ-тың Олимпиадалық комитеті ірі спорттық шараны қабылдауға қауқарлы елдің 35 қаласына хат жолдаған-ды. «Филадельфия олимпиаданы өткізу құқығы үшін бақ сынасу ұсынысын құлшыныспен қабылдап отыр. Біз Ұлттық олимпиадалық комитетпен аталмыш жоба аясында бірлесе жұмыс істеуді тағатсыздана күтеміз», - дейді Наттер.
АҚШ-та жазғы Ойындар соңғы рет 1996 жылы Атлантада өткен болатын.