Филадельфияда балалар мен жасөспірімдер үшін комендаттық сағат тәртібі енгізілді
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Американың Филадельфия қаласында балалар мен жасөспірімдер үшін түнгі комендаттық сағат тәртібі енгізілді, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Бұл шара қаланың орталық аудандарын басқаратын жастардың бұзақылық топтарына қарсы күрес мақсатында қолға алынып отыр.
Қала билігі мәлім еткендей, 18 жасқа толмаған жасөпірімдер мен балаларға жұма және сенбі күндері сағат тоғыздан кейін көшеге шығуға тиым салынды.
Тәртіп бұзушы $300 көлемінде айыппұл төлейді, ал олардың ата-аналары одан да қатты жазаға кесілуі мүмкін, деп мәлім еткен қала мэрі.