10:05, 01 Шілде 2012 | GMT +5
Филипп Киркоров ұлды болғанын гастрольдік сапар кезінде естіді
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Өзінің ұлды болғаныны туралы жақында Софияда өткен концерті кезінде жария етті.

Gazetavv.com хабарлағандай, баланы суррогат ана дүниеге әкелген. Сәбидің денсаулығы жақсы, салмағы - 4 келі 200 грамм, бойы - 58 сантиметр.
«Мен үшін өмірімде маңызы зор қала - Софияда өнер көрсету - аса қымбат. Мұнда анам жерленген. Сондай-ақ осы жерде, дәл бүгін Софияға ұшып келісімен екінші балам, ұлым дүниеге келгенін естуім мен үшін зор қуаныш. Жаратушыға мың алғыс», - деді Киркоров толқып тұрып. Мыңдаған көрермен жиналған зал оны ду қол шапалақтарп қолдады.