Филиппин аралдарындағы "Ваши" дауылының салдарынан құрбан болған адамдар саны өсті

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Соңғы мәліметтер бойынша, Филиппин аралдарындағы "Ваши" дауылының салдарынан 1002 адам қаза болды. Бұл туралы азаматтық қорғаныс басқармасының жетекшісі Бенито Рамос хабарлады.

Филиппин аралдарындағы "Ваши" дауылының салдарынан құрбан болған адамдар саны өсті

650 адамның мәйіті аралдың солтүстік бөлігінде жатқан Кагаян-де-Оро қаласының ауданында табылған, тағы 283 адам Илиган қаласының қасында қаза тапты. Қаза тапқан басқа адамдар туралы мәлімет басқа оңтүстік және орталық аудандардан келіп түсті.

17 желтоқсанның түнінде филиппиндік топаралдың оңтүстік бөлігі - Минданао аралында тропикалық дауыл болып, су тасқындары мен нөсерлі селдерге әкеліп соқтырды. Табиғи апатқа байланысты билік 20 мыңға жуық адамды босқындарға арналған он уақытша лагеріне көшірді. Барлығы 100 мыңға жуық адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.