Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Филиппин балықшысы құны $100 млн тұратын 34 келі інжу тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік БАҚ Палаван аралы жағалауында балықшы кездейсоқ әлемдегі ең үлкен інжу тапқанын хабарлайды.

Филиппин балықшысы  құны $100 млн тұратын 34 келі інжу тапты

Дауыл кезінде филиппиндіктің қайығы зәкірмен қабыршаққа ілініп қалады, балықшы оны босату үшін қатты   тартады. Ер адам тауып алған заттың не екенін ажырата алмаған, тұмар ретінде оны үйде сақтаған.

  34 келі інжудің құнын балықшы оны Пуэрто-Принсес қаласындағы туризм мәселелері бойынша басқарма қызметкеріне әкелген соң ғана бір-ақ білді.

  Ведомство  қызметкері Эйлин Синитии Амураоның айтуынша, сарапшылар інжуді 100 млн долларға бағалаған.