10:23, 07 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Филиппин: «Бофа» дауылы құрбандарының саны 400-ден асты
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Аптаның басында Филиппиннің оңтүстік жағалауына төнген «Бофа» дауылының салдарынан кем дегенде 420 адам көз жұмды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Көшкіннің жүруінен құтқарушылар Минданао аралының кейбір аудандарына жете алмауына байланысты із-түзсіз жоғалғандардың саны арта түсуде. Қазіргі уақытта олардың саны 400-ден асып жығылды. Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, 250-ге жуық адам үйлерінің қирауына байланысты мектептерді, спорт залдар мен өзге де ғимараттарды паналауда.
Ең көп зардап шеккен мекендердің бірі - сыртқы байланыстан ажыратылған Компостела алқапы.
Жұма күні «Бофа» дауылы біраз әлсіреп, Оңтүстік-Қытай теңізіне қарай бағыт алды. Дауыл демалыс күндері бәсеңдей түседі деген болжам жасалуда.
Метеорологтардың болжауынша, Рождество мейрамына дейін филиппиндіктер кем дегенде тағы бір дауылды бастарынан өткеруі мүмкін.