Филиппин елінде 350 интернет алаяғы ұсталды
АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Филиппиндік полицейлер банк есептерімен айла-шарғылар жасаған 357 интернет алаяғын ұстады. Алдын ала болжам бойынша, бұлар Қытай елінің азаматтары, деп хабарлайды ақпарат агенттіктерінен.
Өздерін тәртіп сақшылары, прокурорлар, сот жасауылдары және сақтандыру компанияларының қызметкерлері етіп таныстырған олар өздері таңдаған құрбандарға олар өздері таңдаған банк есептерінің ақшаның жылыстату немесе лаңкестерді қаржыландыру үшін пайдаланылып отырғанына сендірген. Алаяқтар адамдардан тергеу кезінде ақшаны «қауіпсіз есепшоттарға» аударуларына кеңес берген.
Қаскөйлерді Филиппин елінің астанасы Манилада және оған жақын орналасқан Антиполо қаласында өткізген 20 бір мезеттегі тексерістер барысында ұстады.
Аңқау азаматтарды сазға отырғызған алаяқтар жарты миллион доллар ақшаны иеленген.