Филиппин маңында теңіз қарақшылары сегіз балықшыны атып өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің оңтүстігінде балық аулайтын кемеге қарақшылар шабуыл жасап, филиппиндік сегіз балықшы қаза тапты, деп хабарлады сейсенбі елдің жағалау күзетінің өкілі Арманд Балило.
Оның айтуынша, қаскөйлер жүрдек катермен траулерге жақындап, 15 адамнан тұратын экипажға оқ жаудырған. Сегіз адам ажал құшып, шабуылдаушылар бес балықшыны кепілдікке алды, екі адам бортта қалды, деп хабарлайды interfax.ru.