Филиппин Президенті қызметіне Бениньо Акино ІІІ сайланды

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Дауыс берудің түпкілікті нәтижесіне сәйкес Филиппин Президенті болып Бениньо Акино ІІ сайланды. Бұл туралы Ассошиейтэд Пресс агенттігіне сілтеме жасап РБК хабарлайды.

Филиппин Президенті қызметіне Бениньо Акино ІІІ сайланды

Сонымен Б.Акино елдің 15-інші президенті болды. Бүгінде ел халқы одан елеулі өзгерістер күтуде. Көпшілігі жаңа басшысы елдегі сыбайлас жемқорлықты ауыздықтайды деп үміт етуде. Ол бұл жөнінде сайлауалды науқанда уәде берген болатын.

Б.Акино үшін 15 млн. сайлаушы дауыс берді (42 пайыз дауыс), ол өзіне таяу бәсекелесі Джозеф Эстрададан 5,7 млн. дауысты көп жинады. Елдің вице-президенті лауазымы Маниланың орталығындағы Макати қаржы округінің басшысы Джежомару Бинаюға бұйырды.

50 жастағы Б.Акино Филиппиндегі танымал отбасынан шыққан. Оның ата-анасы - демократия үшін күрескен белгілі саясаткерлер. Анасы - Корасан Акино Филиппин президенті болған, өткен жылғы шілдеде қайтыс болды, әкесі - сенатор Бенито Акиноны 1987 жылы әскери төңкеріс әрекеті кезінде бүлікшілер өлтірді.