Филиппин президенті Пакьяоға бокстан бас тартуға кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин президенті Бениньо Акино өзінің отандасы, атағы жер жарған боксшы Мэнни Пакьяоға мансабын тәмәмдап, отбасы мен саясатқа көңіл бөлуді ұсынды. Сондай-ақ Филиппин басшысы бұл туралы америкалық Флойд Мейвезермен қарымта жұдырықтаспас бұрын ойлану керектігін ашып айтты.

Филиппин президенті Пакьяоға бокстан бас тартуға кеңес берді

Бұл туралы khabar.kz жазады.

Естеріңізге салайық, Пакьяо мамыр айының басында американдық Флойд Мейвезермен жекпе-жекте жеңіліс тапқан болатын. Сол кездің өзінде-ақ атақты Пакьяо бокстағы мансабының ақыры таяу екенін жеткізген.

«Мен көрген тарихи сәттердің бірінде, Мұхаммед Әлидің дірілдеген қолымен олимпияда алауын жаққаны жаныма қатты батқан еді. Сондықтан да Пакьяоны қарымта жекпе-жекке мәжбүрлемеуіміз керек» , - деді Акино.