Филиппин Президентіне қастандық жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин Президенті Родриго Дутертенің кортежіне шабуыл жасалып, жеті оққағары мен екі әскери қызметкер зардап шеккен, деп хабарлайды Lenta.ru.
Филиппин көшбасшысы елдің солтүстігіндегі әскери базаға барғанында алдыңғы жасақтың шабуылға ұшырап, Президент күзетінің қолдан жасалған бомбадан зардап шеккенін атап өтті. Дутерте алдыңғы бағытты өзгертпестен, сапарын жалғастыратынын тілге тиек етті.
Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, бұл шабуылды «Мауте» ұйымның содырлары жасаған болуы мүмкін. Олар 28 қарашада Манилдағы Америка елшілігінің аумағына бомба қойған. Ол кезде Дутерте қастандықты жергілікті лаңкестер «Ислам мемлекеті» террористік тобымен бірігіп жасағанын мәлімдеген. Үкіметтік күш елдің оңтүстігінде төрт тәулік бойы жауынгерлермен атысуда. 28 қарашадағы дерек бойынша, 19 террорист өлтірілген.
Айта кетейік, Филиппин билігі мен лаңкестер арасындағы қақтығыс бірнеше жылдан бері жалғасып келеді, салдарынан 120 мың адам қаза тапқан.