Филиппин сауда орталығында 30-ға жуық адам тұтқынға алынды

САН ХУАН. ҚазАқпарат – Филиппин елінің Сан Хуан қаласындағы Greenhills сауда орталығында атыс болып, келушілер эвакуацияланды. Бұл туралы The Manila Times басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Филиппин сауда орталығында 30-ға жуық адам тұтқынға алынды

Консалтингілік фирманың мәлімдеуінше, сауда орталығында бұған дейін күзетші болып жұмыс істеген ер адам 27 қызметкерді тұтқынға алған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, арнайы жасақ, сондай-ақ Сан-Хуан қаласының мэрі Фрэнсис Замора жетті.